Фото: fr.euronews.com
Адольф Гитлер Уунона осымен бесінші рет сайлауда бақ сынап көрмек. Ол үміткер ретінде тіркелгенін растағанмен, науқанға қатысты өзге жоспарлары туралы жарияламаған.
Уунона саяси мансабын 2004 жылы Омпунджа сайлау округінде бастап, содан бергі уақытта кандидатурасы жұртшылық тарапынан қолдау тапқан. Кейінгі рет 2020 жылы қайта сайланған.
Саясаткер БАҚ-қа берген сұхбатында есімінің қойылу сырымен бөліскен. Оның айтуынша, әкесі ұлына есім таңдарда оның мағынасын жете түсінбеген екен.