Фото:ТЖМ
Астананың ТЖД мобильді волонтерлер тобы 1 000 000 теңге көлеміндегі гранттық қаржыландырудың жеңімпазы атанды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бөлінген қаражат топтың ағымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою іс-шараларына волонтерлердің тиімді қатысуын арттыруға қажетті жабдықтарды сатып алуға бағытталды.
Грант шеңберінде радиостанциялар, эмблемасы бар қорғағыш жилеттер, шамдар, дүрбі, қарда жүруге арналған аяқ киім және басқа да қажетті мүлік сатып алынды.