Хоккей • Бүгін, 10:17

Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық хоккейшілер Бейжіңде өткен Азия чемпионатында өздерінің чемпиондық атағын қорғап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

фото: instagram/ barys_official

Қазақстанның хоккей құрамасы Азиядағы ең мықты команда мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді. Sportarena.kz жазғандай, финалда қазақстандықтар Жапонияны жеңіп, шешуші матчта басым түсті

Ойын 4:3 есебімен аяқталды.

Қазақстан құрамасының шайбаларын Роман Старченко («Барыс»), Кирилл Ляпунов («Nomad») және Александр Борисевич («Сарыарқа») соқты.

Айта кетейік, қазақстандық құрамаға чемпиондық атақты сақтау үшін жапондарды негізгі уақытта жеңу міндетті болған жоқ.

Осылайша, Қазақстан хоккейшілері Азия чемпионы атағын қатарынан екінші рет жеңіп алды. Енді Қазақстан құрамасы  Азия біріншілігінің екі дүркін чемпионы.