Фото: freepik.com
Қызметтер көлемі артқан
Медициналық көмектегі онлайн-қызметтердің үлесі жоспарланған 7%-дың орнына 8,65% болды. емханалардағы жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.
Қызметтер көлемінің артуына – мейіргерлерге бірқатар функцияларды кеңейтілген түрде бағыттау, қабылдауға қашықтықтан алдын ала жазылу жүйесін іске қосу, «жоспарланған қабылдау» жүйесі арқылы пациент маршрутын оңтайландыру секілді жаңа тетіктердің енгізілуі ықпал етті. Нәтижесінде кезектер қысқарып, емханаларға қажетсіз бару азайды – көмек жылдамырақ әрі қолжетімді болды.
Ауылдық жерлер тыс қалған жоқ
Ауыл және шалғай аймақ тұрғындарына ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл 8 өңірдегі 100 медицина ұйымын қамтыған «Онлайн-медицина» пилоттық жобасы басталды. Енді бейінді мамандар жоқ елді мекендердің өзінде дәрігерлердің консультациясын алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық технологиялар медицина қызметкерлеріне де тиімді
Медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау және жасанды интеллектіні қолдану мынадай нәтижелер берді:
- электрондық рецепттерді рәсімдеу уақыты 60% қысқарды;
- жүкті әйел картасын толтыру уақыты 40% азайды.
Министрлік жыл соңына дейін цифрлық денсаулық сақтауды одан әрі дамыту үшін негізгі платформа – Бірыңғай медициналық деректер қоймасын құруды аяқтауды жоспарлап отыр.