и
Заң • 03 Желтоқсан, 2025
Ірі қалалардың әкімдіктеріне жаңа құзырет беріледі
Астана мен Алматы және басқа да қалалардың әкімдіктеріне полицейлерге тән өкілеттік беріледі. Бұл нормалар бүгін Мәжілісте қабылданған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң мен ілеспе құжаттарда қамтылған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Ертең Астанаға Еуропалық Кеңес Президенті ресми сапармен келеді
Ертең Астанаға Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Туризм • 03 Желтоқсан, 2025
Алматы облысында Филиппиннен қыдырып келген турист көз жұмды
Алматы облысының Кеген ауданындағы Қайыңды-Саты тас жолында жол-көлік оқиғасынан филиппиндік турист қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Ерлан Қарин: Парламенттік реформаға қатысты 350-ден астам ұсыныс келіп түсті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің хабарлауынша, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына азаматтардан, сарапшылардан және саяси партиялардан 350-ден астам ұсыныс түсті. Жұмыс тобы алдағы бір палаталы Парламентті қалыптастыру мәселелерін талқылауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Желтоқсан, 2025
Шымкенттік спортшы Байқұт Төлепберген Испанияның бас шаһары Мадридте джиу-джитсу турнирі алаңында 1-орын иеленді. Ол барлық белдесуде қарсылас шақ келтірмеген, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 03 Желтоқсан, 2025
«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Беларусияда жыл футболшысы атанды
«Қайрат» клубының және Беларусь ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко жыл үздігі болды. Ол Беларусияда жыл футболшысы атанып, «Жұлдызды доп» марапатын иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Алматының комьюнити орталықтары биыл қанша азаматқа көмектесті?
Осы жылдың 10 айында қаланың комьюнити орталықтарында 2 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, олар 535 000 жас азаматты қамтыған. Бұл туралы Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Бір реттік «Қарызды өсімпұлсыз төле» акциясы басталды
Елімізде Аграрлық несие корпорациясынан қарыз алып, төлей алмай жүрген заңды және жеке тұлғалар үшін бір реттік акция басталды. Оған сот шешімі бойынша өндіріп алынуы тиіс берешегі бар борышкерлер қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Президент Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Мемлекеттік сыйлықтың, «Парасат» және ІІ, ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Жабайхан Әбділдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы авиация саласын цифрландыруға баса назар аударды
Бұл туралы Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде өткізген кеңес барысындағы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Президент қордаланған мәселелерді кейінге қалдырған Көлік министрлігін сынға алды
Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте Қ.Тоқаев қордаланған мәселелерді шешуді кейінге қалдырып, тиісті құжат қабылдамай отырған салалық министрліктің жұмысын сынға алды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2025
Өскеменде «SMART Driving Technology» орталығы ашылды
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «SMART Driving Technology» инжиниринг орталығының ашылуы өтті. Орталықтың ашылуымен Қазақстан және Қытай арасындағы инженерлік білім беру халықаралық ынтымақтастығының негізгі жобасы Лу Бань шеберханасы дамудың жаңа деңгейіне көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Президент өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев авиахабтарды дамыту көлік-тасымал саласындағы басым бағыттардың бірі саналатынына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Қант диабетіне шалдыққан және инсулинге тәуелді науқастарға біржолғы төлем тең беріле ме?
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында көтерілген мәселелердің бірі – 2 топтағы қант диабетіне шалдыққандарға және инсулинге тәуелді науқастарға біржолғы төлем беру туралы. Аталған мәселені депутат Нұргүл Тау көтеріп, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 03 Желтоқсан, 2025
Қоғамдық орында бетті тұмшалап жүруге тыйым салынады
Мәжіліс Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Құқықбұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заңды екінші оқылымда қабылдады. Заңда құқықбұзушылық профилактикасы жүйесі кеңейтіліп, профилактика субъектілерінің саны 13-тен 26-ға дейін артады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Әуежайда өз-өзін өртеген адамға қатысты іс тоқтатылды
Алматы әуежайында өз-өзін өртеген ер азаматқа қатысты қозғалған іс тоқтатылды. Полицияның мәліметінше, тергеу Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу немесе соған итермелеу» бойынша жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 03 Желтоқсан, 2025
Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 03 Желтоқсан, 2025
«Даму» қоры алғаш рет цифрлық теңгемен несие берді
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Halyk Bank арқылы жылдық 12,6% мөлшерлемемен жеңілдетілген цифрлық несие берді. Оған Ұлттық банк қолдау көрсетті. Цифрлық теңгені пайдаланған алғашқы клиент – павлодарлық кәсіпкер Виталий Кремберг, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 03 Желтоқсан, 2025
«Ордабасы» футбол клубының экс-президенті Түркияда қашып жүр
Аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған Бахтияр Байсейітовті экстрадициялау туралы Түркияға сұрау жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Астанада медициналық колледждегі дәрісханаға Ұлдана Мырзуанның есімі беріледі
Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайғылы жағдайға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын айтты. Министрдің сөзінше, бұл оқиғада құрылыс нормалары мен қауіпсіздік талаптарына қатысты күмән көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 03 Желтоқсан, 2025
«Мұқағали» журналының 20 жылдық мерейтойлық кеші өтті
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың есімімен аталған республикалық әдеби-мәдени және танымдық «Мұқағали» журналының жарық көре бастағанына 20 жыл толуына орай «Мұқағалитанудың қайнар көзі» атты мерейтойлық кеш өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Зейнетақы активтерінің көлемі 25 трлн теңгеден асты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтерін басқару туралы есепті жариялады. Ұлттық банк (ҰБ) пен инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) басқаратын қаражаттың жалпы көлемі 25,8 трлн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Бегалы ауылында қайтарылған активтер есебінен медициналық пункт салынды
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық пункт салынды. Нысанның жалпы құны – 132 млн теңге, оның 65 млн теңгесін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Философ-академик, қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдин дүниеден озды
Ұлттық ғылым академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін қалаған, ғалым Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин 92 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Желтоқсан, 2025
Илон Маск АҚШ-тың болашақ президенті кім болатынын айтты
Илон Маск алдағы 12 жылда АҚШ-ты әлі де Дональд Трамп пен вице-президент Джей Ди Вэнс басқаруы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, бұл АҚШ-тың «ұлы 12 жылдық кезеңінің» бастауы болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Елорда көшелерінде лудоманияға қарсы акция өтті
Жастар арасындағы лудоманияның алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған «Jarqyn Bolashaq» жобасы шеңберінде «Астана жастары» ресурстық орталығы көшелерде ақпараттық акция өткізді. Буклеттерді таратқан еріктілер лудоманияның зияны туралы айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Желтоқсан, 2025
АҚШ пен Ресей Украина мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келе алмады
АҚШ пен Ресей америкалықтардың бітімгерлік жоспарындағы аумақтық мәселеге қатыстық ортақ ымыраға келе алмады. Бұл туралы Трамптың арнайы өкілі Стив Виткофф және Джаред Кушнер өткізген келіссөзден соң белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2025
The Ring: Жәнібек Әлімханұлы допинг тесттен өтпей қалды
WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдындағы допинг тестінен өтпей қалды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Желтоқсан, 2025
Шертпе күйдің шебері Нұрымбай Сүлейменұлы өмірден озды
Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі күйші, шертпе күй дәстүрінің көрнекті өкілі, композитор Нұрымбай Сүлейменұлының дүниеден өтуіне байланысты отбасына және туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.