Футбол • Бүгін, 17:12

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Беларусияда жыл футболшысы атанды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қайрат» клубының және Беларусь ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко жыл үздігі болды. Ол Беларусияда жыл футболшысы атанып, «Жұлдызды доп» марапатын иеленді, деп жазады Egemen.kz.

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Беларусияда жыл футболшысы атанды

Фото: kazfootball.kz

28 жастағы футболшы «Қайраттың» тарихи жеңіске жетуіне үлес қосып, Беларусь ұлттық құрамасының сапында да оң нәтижелерімен көзге түскен. Валерий Громыко аталған марапаттың құнды екенін айта отыра әрдайым жанында болып, қолдаған жандарға алғыс білдірді.

«Бұл - менің кәсіби мансабымдағы маңызды марапаттардың бірі. Ес білгелі футболды жаныма серік етіп келемін. Сондықтан әр марапат шабыттандырады. Осындай жетістікке жетуіме үлес қосқан әріптестеріме ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ ата-анама алғыс айтқым келеді. Олар мені футбол үйірмесіне беріп, осы спортта көзге түсуіме қолдарынан келгенінің бәрін жасады. Қиын сәттерде қасымнан табылып, әрдайым қолдай білген өмірлік серігім, сүйікті әйеліме де рақмет айтамын», деді Валерий Громыко.

аа

Айта кетейік, 9 желтоқсан күні «Қайрат» Чемпиондар лигасы аясындағы ойынын Астанада Грекияның «Олимпиакос» командасына қарсы өткізеді.