Фото: Ашық дереккөз
Politico басылымының мәліметінше, бұл туралы Илон Маск АҚШ-тың мемлекеттік тиімділік департаментінің бұрынғы қызметкерлерімен өткен онлайн кездесуінде айтқан. Кездесу 22 қарашада Техас штатының Бастроп қаласында өткен. Оған И.Маск белгісіз әрі қараңғы жерден онлайн қосылған. Ол өзінің бұл әрекетін қауіпсіздік себептерімен түсіндірген.
Сонымен қатар, И.Маск алдағы12 жылда АҚШ-ты әлі де Дональд Трамп пен вице-президент Джей Ди Вэнс басқаруы мүмкін екенін айтқан.
Кездесуге қатысушылардың бір бөлігі Масктың жиынға онлайн қатысқанын көңілсіз қабылдаған. Олар кәсіпкерді іс-шарада жеке көргісі келгенін жеткізген.
Бұған дейін Илон Маск бес жылдан кейін смартфондар жойылатынын болжап, жасанды интеллект адамның қалауын алдын ала түсінетін деңгейге жететінін айтқан еді.