Оқиға • Бүгін, 10:10

Философ-академик, қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдин дүниеден озды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық ғылым академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін қалаған, ғалым Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин 92 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Философ-академик, қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдин дүниеден озды

Фото: Ашық дереккөз

Жабайхан Мүбәрәкұлы 1933 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ғалымның жетекшілігімен 10 ғылым докторы және 40-қа жуық ғылым кандидаты даярланды.

Әбділдиннің еңбектері диалектикалық логиканың теориялық-методологиялық мәселелерін терең талдаумен ерекшеленеді. 

Жабайхан Әбділдин 2000 жылы «Барыс» орденінің II дәрежесімен, кейін ТМД Парламентаралық ассамблеясының «Достық» медальдарымен марапатталды. 2022 жылы «Барыс» орденінің III дәрежесін иеленді.