Фото: «Ордабасы» футбол клубы
Бахтияр Байсейітов Түркиядан анықталды. Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың 21 ақпанында елге қайтару туралы өтініш берілген.
«Шешім әлі қабылданған жоқ», деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Тергеудің нұсқасы бойынша, Байсейітов Түркістан облысындағы «Қаратау» кенішінің құрылысын салуға бөлінген 320 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған. Тергеушілердің мәліметінше, жоба үшін қажетті жабдық жеткізілмеген, ал қаржының бір бөлігі «Iri building» және «Қаратау» компаниялары арқылы заңсыз шығарылған.
Байсейітов өзі басқаратын компанияның қызметіне лобби жасағаны анықталды.
«Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланды, бұл тармақ адамдар тобының аса ірі көлемде басқа біреудің мүлкін жымқыруына қатысты», делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2017–2021 жылдары Бахтияр Байсейітов «Ордабасы» футбол клубының президенті болған.