Заң • Бүгін, 19:54

Ірі қалалардың әкімдіктеріне жаңа құзырет беріледі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мен Алматы және басқа да қалалардың әкімдіктеріне полицейлерге тән өкілеттік беріледі. Бұл нормалар бүгін Мәжілісте қабылданған «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң мен ілеспе құжаттарда қамтылған, деп жазады Egemen.kz.

Ірі қалалардың әкімдіктеріне жаңа құзырет беріледі

- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін қиратқаны, қалалар мен елді мекендердің жасыл желектерін жойғаны және бүлдіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау құқығы беріледі, - деді депутат Магеррам Магеррамов Мәжілістің жалпы отырысында. 

Оның айтуынша, бұған дейін мұндай заң бұзу деректері үшін жауапқа тартуға тек ішкі істер органдары мен аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ғана құқылы болды. Енді жаңа норма бойынша осында құзырет ірі қалалардың әкімдіктеріне де берілмек.