Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
№118 Көкбұлақ жалпы орта мектебінің 10-сыныбында оқитын Байқұт Арманұлы 10 жасынан бастап дзюдо, таэквондо, джиу-джитсу сияқты жекпе-жектерге қызығып, үзбей жаттығып келеді. Тұрақты дайындық пен табандылық жеткіншекті түрлі деңгейдегі жарыстарда озық етті.
Жас чемпион алдағы халықаралық сайыстарға тыңғылықты дайындалуын жалғастырады, ал келешекте Олимпиада чемпионы атануды мақсат тұтып отыр.