Фото: Ашық дереккөз
Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам ауруханадан шыққаннан кейін ешкімге шағымы жоқ екенін жазбаша түрде мәлімдеген. Осыдан кейін қылмыстық іс тоқтатылған.
Тергеу аясында өрт қоюға және басқа да бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды анықтау үшін Алматы әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметіне хабарлама жіберілген.
Естеріңізге сала кетейік, 25 тамызда Алматы әуежайының терминалында 33 жастағы ер адам касса маңында өзін өртеп жіберген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оның әрекетіне отбасылық жанжал себеп болған.