Мәдениет • Бүгін, 22:48

Шертпе күйдің шебері Нұрымбай Сүлейменұлы өмірден озды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі күйші, шертпе күй дәстүрінің көрнекті өкілі, композитор Нұрымбай Сүлейменұлының дүниеден өтуіне байланысты отбасына және туған-туыстарына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шертпе күйдің шебері Нұрымбай Сүлейменұлы өмірден озды

Министрліктің мәліметінше, Нұрымбай Сүлейменұлы табиғи талантымен халқының ерекше құрметіне ие болған, туған өлкесінің рухани дәстүрін жалғап, ұлттық өнердің дамуына зор үлес қосқан дара тұлға еді.

«Өнер майталманының шығармашылық мұрасы аса бай. Күйші «Қайран әке», «Қарт толғауы», «Дала сыры», «Атамекен», «Ілем менің» сияқты ел арасына кең тараған туындыларды, барлығы 60-тан астам күй мен 20-ға жуық әнді дүниеге әкелді. Оның әр шығармасы қазақтың кең даласының үнін, ұлттық болмыстың терең иірімдерін жеткізетін құнды мұра болып саналады», делінген жазбада.

Ведомство өкілдері Нұрымбай Сүлейменұлының жарқын бейнесі мен мол мұрасы халық жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.