Спорт • Кеше

The Ring: Жәнібек Әлімханұлы допинг тесттен өтпей қалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдындағы допинг тестінен өтпей қалды, деп жазады Egemen.kz.

The Ring: Жәнібек Әлімханұлы допинг тесттен өтпей қалды

Танымал Америкалық «The Ring magazine» кәсіпқой бокс басылымының хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлы VADA сынағынан кейін өнімділікті арттыратын дәріні қолданғаны туралы жағымсыз қорытынды шығарды.

Осылайша, осы сенбі күнге жоспарланған Жәнібек Әлімханұлы және Эрисланди Лара арасындағы орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жектің сәтті өтуіне үлкен қауіп төнді.

Қазақстандық боксшы 12 қараша күні допинг сынамасын тапсырған еді.

Жәнібек Әлімханұлының Эрисланди Ларамен чемпиондық жекпе-жегі ресми жарияланған болатын.