Фото: instagram.com/ ile_alatau_nationalpark
Ұлттық парк мәліметінше, Богданович мұздығы ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады және қорықтық режим қолданылатын экологиялық тұрақтандыру аймағында орналасқан.
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңның 45-бабына сәйкес, бұл аумақта реттелетін экологиялық туризмнен өзге шаруашылық және рекреациялық қызмет түрлеріне тыйым салынады.
«Метеорологиялық жағдайдың қолайсыздығын, қар жамылғысының қалыңдығын және көшкін қаупі бар учаскелердің болуын ескере отырып, аталған аумақтарда туристер мен азаматтардың жүруі олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін», делінген хабарламада.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға, туристерге, жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.