Қоғам • Бүгін, 21:29

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының бұзылуына байланысты бүгінгі сағат 21:00 бойынша республикалық маңызы бар автожолдың 2 облыс аумағындағы бөліктерінде көліктің барлық түрлері бойынша қозғалысқа шектеу енгізілді, деп жазады Egemen.kz.

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Фото: Almaty-akshamy.kz

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жабылған автомобиль жолы – «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы».

Аталған автожолдың Қызылорда облысы аумағындағы 1806-2055 шақырым аралығындағы бөлігі (Қызылорда қаласынан Түркістан облысы шекарасына дейін) және Түркістан өңірі аумағындағы 2055-2095 шақырым аралығындағы бөлігі (Қызылорда облысы шекарасынан Түркістан қаласына дейін) жабылды.

Аталған жол бөліктері 23 қаңтарда сағат 08:00-де ашылады.

Қазақстанның 14 облысында дауыл соғады

Соңғы жаңалықтар