Көлік-транзит саласын дамыту бағытында облыста 2022-2025 жылдары 1 600 шақырым автомобиль жолдары мен көшелерді, 30 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуге 150 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Өткен жылдың өзінде жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 50 млрд 605 млн теңге қаралып, 329 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өтіп жатыр.
Қазалы теміржол вокзалындағы аспалы көпір 1,3 млрд теңгеге салынған. Жаяу жүргіншілерге арналған көпірді Әйтеке би кентінің арғы бетінде тұратын 13 мыңнан астам тұрғын қолданады. Бұл өткел арқылы 2 мыңнан астам адам күнделікті әрлі-берлі қатынайды.
Жиында көпірді салған мердігер «ҚазТеміржол Engineering» ЖШС өкілдері мен теміржолда қызмет ететін мамандар марапатталды.
Қызылорда облысы
«Облыс жағдайы күмәнсіз жақсы»: Президент Қызылорда облысы әкіміне жоғары баға берді