Спорт • 22 Қаңтар, 2026

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиадада фристайл-акробатикадан Қазақстан атынан өнер көрсететін ұлттық құрама спортшылары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Фото: Qazsporttv

Фристайл-акробатикадан тізімге Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан, Аяна Жолдас еніп отыр.

Қазақстан қазіргі уақытта мынадай спорт түрлері бойынша жолдамаларға ие:

Биатлон – Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева, Айша Рақышева.

Конькимен жүгіру – Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко.

Шорт-трек – Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан.

Мәнерлеп сырғанау – Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.

Милан-2026: Қысқы олимпиадада ел намысын кімдер қорғайды?