Сурет ашық дереккөзден алынды
Дәстүрлі түрде құрылыс перғауын Хуфудың атымен байланыстырылғанымен, археологиялық деректер нақты басқару ісін оның жиені Хемиун атқарғанын көрсетіп отыр. Пирамиданың батыс жағындағы қорымдарды зерттеу барысында археологтер ерекше ірі мастабаны – Хемиунның тікбұрышты қабірін тапты. Қабір ішінен сол дәуірде сирек кездесетін реалистік стильде жасалған мүсін мен оның жоғары мәртебесін дәлелдейтін жазбалар табылды. Онда Хемиунның патшаның барлық құрылыс жобасының бақылаушысы болғаны жазылған. Зерттеушілердің сөзінше, бұл атақ оның ұлы пирамиданың құрылысын толық үйлестіргенін білдіреді.