Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Соғыс болмаған ел

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір әлемде дүрбелең көп. Қақ­тығыстар туралы ақпараттарды жиі оқимыз. Алайда әлемде ешқашан соғыс болмаған елдер де бар.

Соғыс болмаған ел

Сурет ашық дереккөзден алынды

Сондай елдің бірі – Швейцария. Ел тарихында ұлтаралық қақтығыстар да болмаған. Бұл ел 1815 жылдан бері бейтарап ұстанымда. Тіпті Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де әскерлерін ешқайда жіберген жоқ. Швейцария бейтарап ел саналғандықтан, көп адам оны қаруға қарсы, пацифистік мемлекет деп ойлайды. Бірақ іс жүзінде олай емес. Бұл елде қару-жараққа қатысты заңдар бар. Ер-азаматтар 18 жастан бастап міндетті әскери қызметін өтейді. Қызметін аяқтағандардың көбі әскери резервте қалады. Сол себепті оларға үйінде жеке қару сақтауға заңмен рұқсат етілген. Бұл қаруды қажет болған жағдайда қолдануға да болады. Яғни Швейцария бейтарап саясат ұстанғанымен, елдің қауіпсіздігі әр азаматтың жауапкершілігіне жүктелген.

 

Соңғы жаңалықтар