30 Наурыз, 2011

Жастар дауысы да аса маңызды

706 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше осыдан бір айдан астам уақыт бұрын, яғни 22 ақпан күні Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Аг­рарлық техникалық университетінің бір топ студент­те­рі­нің бастамасымен жастар арасында Қазақстан Респуб­ли­ка­сының кезектен тыс президенттік сайлауын насихаттау мақсатында «Менің дауысым алғашқы! Менің дауысым маңызды!» атты басталған іс-шара мәресіне жетті. Осы кезден бастап атал­мыш оқу орнының студенттерінен құрылған «Тәуел­сіздік территориясы» қозға­лы­сы бір ай ішінде көптеген акциялар өткізіп үлгерді. Со­ның ішінде ең бастылары «Қа­зақстан-Ре­сей универси­те­тінің ондығы Аграрлық университеттің бестігіне жауап береді», «Өзіңді сай­лаушы ретінде көрсет», «­Жас сайлаушының жолы – тәуел­сіздік территориясы», «Жас отбасы-2011. Менің отбасым дауыс береді» мен «Ме­нің жеңісім – менің президентіме арналады» атты жас отбасылар мен спорт фестивальдері болды. Сонымен бірге, осы шаралардан бөлек жоғары және орта оқу орындары, жастар жиі жина­ла­тын түнгі клубтар мен басқа да жерлерде қызықты іс-шаралар өтті. «Тәуелсіздік территория­сы» қозғалысының үйлестіруші­сі Маржан Әбділмәжитованың айтуынша, бір ай бойы өткізіл­ген шараларға қаланың көп жас­тары қатысты. Оларды акцияға қызықтыру үшін де көп жұ­мыс­тар істелді. Мәселен, акцияның көбіне жастар жиналатын түнгі клубтарда ұйымдастырылғаны ұтымды болды. Соның арқа­сында тек студенттер ғана емес, барлық жастар сайлау жөнінде кеңірек мәлімет алып, әрбір азаматтың осынау саяси оқи­ғаға қатысуы маңызды екендігі түсіндірілді. Ал осы қозғалыс­тың тағы бір мүшесі, С.Сейфуллин атындағы Аграрлық уни­вер­си­теттің 1-курс студенті Сан­дуғаш Борамбектің пікірінше, бұл жоба тек бір кан­дидатқа емес, төрт үміткердің бәріне арналғандықтан, оған президенттікке кандидаттар­дың бар­лық өкілдері қатысып, өз­дерінің сайлауалды бағдар­ла­масын түсіндіріп, жастар ара­­сында насихат жұмыс­та­рын жүргізуге мүмкіндік алды. Осы акция барысында жа­ңа­дан құрылған «Тәуелсіздік тер­риториясы» атты музы­калық тобы қаланың көп жерінде өнер көрсетіп, құр­дас­тар, замандас­тарын сайлауға қаты­суға ша­қырды. С.Сейфуллин атындағы Аграрлық уни­верситеттің студенттері Мерей Самат, Жәнібек Есімсейітов, Руслан Қабантаев пен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті Павел Селиверстов деген жастардан құралған топ сайлау күніне дейін өнерлерін көрсете бермек. Дастан КЕНЖАЛИН. Астана.
Соңғы жаңалықтар

Оралу: рух күші

Руханият • Кеше

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Ғалам ғажаптары • Кеше