Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:03

Шымкентте интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы Полиция департаменті Шымкент, Алматы қалалары мен Алматы облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Фото: pinterest.com

Полицияның мәліметінше, топ құрамында төрт адам болған. Олардың бірі – ұйымдастырушы, екеуі дропперлерді іздеумен және тартумен айналысқан, тағы бірі қолма-қол ақшаны алып, ұйымдастырушыға жеткізіп отырған.

«Күдіктілердің тоғыз интернет-алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Келтірілген шығын көлемі 141 миллион теңгеден асады», деп хабарлады полиция департаменті.

Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.