Тағайындау • Бүгін, 16:50

Ерболат Досаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ерболат Досаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды

Фото: Ашық дереккөз

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды», делінген ресми хабарламада.

Ерболат Асқарбекұлы Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласының О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірген.

Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.