
Фото: Ашық дереккөз
Солтүстік-шығыста нөсер жауын күтіліп отыр. Сонымен қатар, орталық пен солтүстік-шығыста бұршақ түсу ықтималдығы бар. Тек батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз күн райы орнайды.
Бүкіл республика аумағында желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік, шығыс, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда тұман түсуі мүмкін.
Қостанай облысының солтүстік және шығыс бөлігінде түнде ауа температурасы -2°С-қа дейін төмендейді. Алматыда күндізгі ауа райы +18…+20°С шамасында болып, желдің екпіні 3-8 м/с деңгейінде болады.
Бұған қоса, Жетісу өңірінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, сондай-ақ Маңғыстау мен Қостанай облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталатыны ескертілді.