Футбол • Бүгін, 13:48

FIFA президенті Қазақстан футболшыларын құттықтады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ФИФА президенті Джанни Инфантино Instagram парақшасында Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровты және барша қазақстандық жанкүйерлерді Талғар қаласында ашылған ФИФА-ның Talent Academy мәртебесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

FIFA президенті Қазақстан футболшыларын құттықтады

«Қазақстан футбол федерациясының президенті, қадірлі досым Марат Омаровты және Қазақстандағы барлық футбол жанашырларын осы маңызды оқиғамен құттықтау мен үшін үлкен қуаныш. Қазақстандағы ФИФА Talent Academy – балалардың арманын жүзеге асыруға бағытталған маңызды инвестиция. Академия жергілікті дарынды балаларды анықтап, тәрбиелеп, дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тәртіп, командамен жұмыс істеу және көшбасшылық сияқты құндылықтарды бойына сіңіреді», деп жазды Инфантино.

Оның айтуынша, академия жұмысына ФИФА-ның Talent Coach маманы тікелей қатысып, жаһандық футбол дамуы жөніндегі жетекші Арсен Венгердің басшылығымен жүзеге асады. «Осы бағыттағы еңбектің арқасында болашақ қазақстандық футболшылар аймақтық және әлемдік деңгейде жарқырайтынына сенімдімін»,  деді ФИФА президенті.

Айта кетейік, Талғарда ашылған бұл орталық – Орталық Азиядағы алғашқы, әлем бойынша тоғызыншы ФИФА Talent Academy мәртебесіне ие болған жоба.