
Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік іс қозғалды. Полиция оның Атырау қаласында жүрген жерінен ұстағанын мәлімдеді. Түсініктемесінде қыз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізген. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Құқық қорғау органдары қоғамдық орындарда мәдениетті мінез-құлық сақтаудың маңыздылығын еске салды.
«Айналаға және Заңға құрметсіздік көрсетуге жол берілмейді. Қоғамдық тәртіпті сақтау – «Заң және Тәртіп» қағидатының негізі», деп хабарлады полиция.