30 Наурыз, 2011

Толықтырулар енгізілді

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар «Қор­шаған ортаға эмиссиялар үшін тө­лем­ақы ставкалары туралы» об­лыс­тық мәслихаттың 2009 жылғы 20 қара­шадағы №233 шешіміне толық­тырулар енгізу туралы мәсе­лені қа­рады. Бұл толық­тыру­лар негізінен Қарабалық ауданындағы көл орнына күл-қоқысын көміп отыр­ған Ресейдің «Троицк ГРЭС-і» ашық акционерлік қоғамына қатыс­ты болатын. Бұл кә­сіп­орын осы уақытқа дейін қоршаған ортаға келтірген зиянының эмис­сиясы үшін 50 пайыз төлем төлеп келді. Өткен жылы облыс бюджетіне одан 1 миллиард 300 миллион тең­геден астам түсім түсті. Бұл облыс­тағы эмиссия үшін төленетін барлық төлемдердің 30 пайызын құрайды. Енді облыс­тық мәслихат депутат­тары 100 па­йыз төлем алу туралы ше­шім қабылдады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.
Соңғы жаңалықтар

Жармадан көне жәдігер табылды

Жәдігер • Бүгін, 10:49

Елдік сананың темірқазығы

ЖОЛДАУ • Бүгін, 08:45

Оралу: рух күші

Руханият • Бүгін, 08:40

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30