30 Наурыз, 2011

Мәслихат сессиясы өткізілді

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Батыс Қазақ­стан облыстық мәс­ли­хатының кезекті сессиясында өңір үшін айрықша маңызы бар мә­се­ле­лер қаралды. Атап айт­қан­да, об­лы­стық бюджетке енгізілген өзге­ріс­терге сай мұндағы түсім­дер бөлі­гі 8,5 миллиард теңгеге ұлғай­ды. Мұ­ның басым бөлігі республи­ка­лық трансферттер есебінен енгізілді. Атал­ған қаржы ресурстары елді мекендерді одан әрі газдан­дыруға, тұрғындарды ауыз сумен қамтуға, және әлеу­меттік нысан­дар­дың кем-кетігін бүтіндеуге жұм­салмақ. Сондай-ақ сессияда облыс­та­ғы құқық бұзушылық профи­лак­тика­сы­ның 2011-2013 жылдарға арнал­ған өңірлік бағдарламасы қа­был­дан­ды. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.
Соңғы жаңалықтар

Жармадан көне жәдігер табылды

Жәдігер • Бүгін, 10:49

Елдік сананың темірқазығы

ЖОЛДАУ • Бүгін, 08:45

Оралу: рух күші

Руханият • Бүгін, 08:40

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30