ЕС
Елорда • 25 Тамыз, 2025
Астанада өткен әлемдік кітапхана конгресіне 114 елдің өкілі қатысты
«Білімді біріктіріп, болашақты құрамыз» тақырыбындағы IFLA Әлемдік кітапхана және ақпарат конгресі алғаш рет Орталық Азияда өтті. Кітапхана ісіндегі ең ірі халықаралық шараны өткізу құқығы Kazakh Tourism әзірлеген өтінім негізінде, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Astana Tourism және ЖОО кітапханалары қауымдастығының қолдауымен берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Тамыз, 2025
Ресейдің төрт өңірінде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды
Якутия аумағында орман өрттері 8,4 мың гектардан астам жерді шарпыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 25 Тамыз, 2025
Су ресурстары және ирригация вице-министрі тағайындалды
Талғат Амангелдіұлы Момышев су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 25 Тамыз, 2025
Экспорттаушыларды қолдау көлемі кеңейді
Президенттің тапсырмасы бойынша шикізаттық емес экспортты кеңейту және әртараптандыру мақсатында «бір терезе» қағидаты аясында барлық қаржылай құралдарды ұсынатын Экспорттық-кредиттік агенттік құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Тамыз, 2025
Арсен Жұма грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық Арсен Жұма грек-рим күресінен Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қазақстан-Қырғызстан Президенттері «Достықтың алтын көпірі» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
Мемлекеттер басшылары Бішкек қаласындағы Қазақстан мен Қырғызстан достығы аллеясында орналасқан «Достықтың алтын көпірі» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Тамыз, 2025
Қазақстандық ескекші жаһандық жарыстың финалына шықты
Миланда (Италия) өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден 50-ші әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Сергей Емельянов финалға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Екі елдің ықпалдастығы жанданады
Президент аймақтардың ықпалдастығын жандандыруды өзекті мәселенің бірі ретінде атады. Бұл ретте мемлекеттер басшылары аймақаралық форумның келесі отырысын көп созбай өткізуге келісті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қ.Тоқаев Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың төрағалығымен Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызмметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2025
Жетісу өңірінде білім сапасы артып келеді
Талдықорғанда өткен «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы облыстық тамыз конференциясында Жетісу облысының педагогтары жаңа оқу жылының міндеттерін айқындап, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Тамыз, 2025
Президент Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Тамыз, 2025
Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктері кептелісте тұрып қалды
Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» автокөлік өткізу бекеті реконструкцияға байланысты уақытша жабылғаннан кейін, негізгі көлік ағыны басқа бағыттарға ауыстырылды. Салдарынан Ресейдің Саратов облысына баратын «Тасқала – Озинки» жолында фуралардың ұзын-сонар кептеліс пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 20 Тамыз, 2025
Ірі бизнес тарапынан несиеге сұраныс төмендеді - Ұлттық банк
2025 жылдың II тоқсанында бизнестің жалпы несиеге сұранысы тұрақты қалды. Алайда, ШОБ тарапынан белсенділік артса, ірі кәсіпорындар керісінше несие алуға құлықсыздық танытқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Тамыз, 2025
Қостанайда өңір мұғалімдерінің тамыз кеңесі өтті
Қостанайда мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тақырыбы аясындағы мәселелер талқыланған кеңесте өткен оқу жылы қорытындыланып, жаңа оқу жылының жұмыс жоспары пысықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 20 Тамыз, 2025
Бестеректегі жол апатынан зардап шеккен екі бала Астанаға жеткізіледі
Абай облысының Үржар ауданы Бестерек ауылындағы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы Астана қаласындағы №2 Көп бейінді қалалық балалар ауруханасына емдеуге жатқызу туралы шешім қабылданған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 20 Тамыз, 2025
Еуропаның 10 мемлекеті Украинаға көмекке әскер жіберуге дайын
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, кем дегенде 10 еуропалық мемлекет Украинаға өз әскерін жіберуге әзір екенін мәлімдеген. Бұл мәселе жақында өткен еуропалық шенеуніктердің жабық кездесуінде талқыланған, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 19 Тамыз, 2025
БҚО тұрғыны бұрынғы қызын бопсалап, 9 млн теңгесін алған
Орал қаласында 23 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2025
Қызылорда тұрғыны туған қызын балағаттаған
Қазалы аудандық сотында жергілікті тұрғынға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Тамыз, 2025
Ақорда жаңалықтары Aitu платформасы арқылы да таралады
Бұл туралы бүгін Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 19 Тамыз, 2025
Қ.Тоқаев: Шежірелі шаһар түркі мемлекеттерінің де рухани ордасы
Бүгін, Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) IV Халықаралық жастар фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында қалаға «2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі берілді. Фестивальдің салтанатты ашылуына Мемлекет басшысы арнайы құттықтау хатын жолдады. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Тамыз, 2025
Президент Халықаралық жастар фестивалі қатысушыларына құттықтау жолдады
Бүгін Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) IV Халықаралық жастар фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Фестивальдің салтанатты ашылуына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтау хатын оқып берді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 19 Тамыз, 2025
Елімізде екі ірі теміржол жобасы мерзімінен бұрын аяқталады
Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын дамыту жөнінде берген тапсырмаларының жүзеге асу барысы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Тамыз, 2025
Қазақ балуаны еркін күрестен әлем чемпионатында алтын жүлде алды
Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Үкімет • 18 Тамыз, 2025
AITU ұлттық мессенджеріне көшу мерзімі бекітілді
Үкіметте өткен жиында күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 18 Тамыз, 2025
Мәжіліс спикері Өзбекстан Сенатының төрағасымен кездесті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Тараптар парламентаралық ықпалдастықты арттыру мәселесін талқылап, екіжақты қарым-қатынастың өзекті жайттары бойынша пікір алмасты, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 18 Тамыз, 2025
Қызылордада заңсыз есірткі егістігі анықталып, жойылды
«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағы Сырдария ауданы Бесарық ауылының маңынан ірі есірткі алқабын тауып, жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Тамыз, 2025
Биылғы 7 айда есірткі саудалаған 20 мың сайт бұғатталған
ІІМ мәліметінше, осы жылдың 7 айында есірткіге қатысты 4655 құқықбұзушылық анықталған. Олардың 2100-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатында болғаны белгілі болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Тамыз, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы әріптесін АҚШ Президенті Дональд Трамппен Анкориджде өткен кездесу қорытындысымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 17 Тамыз, 2025
Ұлттық спорт жаңаша дамып келеді
Ұлттық спорт – халықтың болмысын, мінезін және рухын айқын көрсететін айна. Қазақ күресі мен дәстүрлі садақ ату – ғасырлар қойнауынан жеткен асыл мұра, бүгінгі ұрпақтың мақтанышына айналған өнер. Уақыт өткен сайын бұл спорт түрлері тек ел ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде де мойындалып келеді. Еліміздің мақтанышы атанған балуандар мен мергендер жетістіктері арқылы ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатады.
Қоғам • 17 Тамыз, 2025
Маңғыстауда алғаш рет «Ақ Мая Fest» шұбат фестивалі өтті
16 тамыз күні Маңғыстауда ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптейтін «Ақ Мая Fest» атты шұбат фестивалі өтті. Тұмса табиғатына талайды тамсындырған Айрақты етегіндегі фестивальге 15 мыңға жуық халық жиналды. Оның қатарында Ресей, Франция, Қырғызстан, Англия және Еуропаның бірнеше қалаларынан келген туристтер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.