Аталған орталықтың басшысы лауазамына Нұрлыбек Сақпаров тағайындалды. Ол 1966 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Мамандығы – инженер-құрылысшы. Еңбек жолын 1987 жылы Гурьев облыстық мемлекеттік банкінде бастаған. Кейін банк, сақтандыру және энергетика салаларында басшылық қызмет атқарып, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі директорының орынбасары болған.
2009-2014 жылдары жеке құрылыс компанияларында жұмыс істеді. 2015 жылдан бері Атырау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
«Орталықта жобалық-сметалық құжат, техникалық талдау және сараптама, экономикалық талдау және мониторингілеу, құқықтық сүйемелдеу және әкімшілік қолдау бөлімдері жұмыс істейді. Аталған бөлімдердің мамандары құрылыс, сәулет, жол, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен табиғатты пайдалану салаларындағы инвестициялық ұсыныстарды қарайды. Инвестициялық жобаларға талдау жасап, бағалау жүргізеді», дейді Нұрлыбек Сақпаров.