Фото: Ішкі істер министрлігі
Шараға қатысушылар ескерткішке ерлік пен батылдықтың символы саналатын қызыл қалампыр гүлдерін қойды. Ғазиз Байтасовтың рухына бір минут үнсіздік жарияланып, одан кейін қарудан от шашу атылды.
«Тәртіп сақшылары әрқашан қылмыскерлердің жолын бөгеп, қауіппен бетпе-бет кездеседі. Он төрт жыл бұрын Ғазиз Байтасов қылмыскердің жолын өз өмірімен бөгеп, бейбіт тұрғындар үшін жанын қиды. Полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың есімі Тәуелсіз Қазақстанның қаһармандары қатарына мәңгі жазылды. Ол құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында «Халық Қаһарманы» атағын алған бірінші және жалғыз адам. Оның ерлігі – батылдықтың, борышына адал қызмет етудің және үлкен ержүректіліктің үлгісі», деп атап өтті облыстың ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Ғазиз Байтасовтың есімі ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Оның ерлігі алыстан жарқыраған жұлдыздай – ешқашан сөнбейді.