Президент • Бүгін, 20:05

Бірлескен жұмыстың шет-шегі жоқ - Президент

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттер Орал қаласында өтіп жатқан XXI Қазақстан – Ресей өңіраралық форумына қатысушылар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорда.

Бірлескен жұмыстың шет-шегі жоқ - Президент

Мемлекет басшысы келіссөздер барысында өңірлік және жаһандық күн тәртібіне қатысты пікір алмасқанын жеткізді.

«Қазақстан мен Ресей көпжақты алаңдарда белсенді әрі табысты ықпалдастық орнатқан.

Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы және басқа да көпжақты құрылымдар аясында іс-қимылымызды одан әрі үйлестіруге дайын екенімізді растадық», - деді Президент.

Президент тараптар стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін де растады.

«Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының әлеуеті зор. Бірлескен жұмыстың шет-шегі жоқ. Елдеріміз барлық салада нәтижелі ынтымақтастық орнатты.

Қазақстан мен Ресей арасында шешімін таппайтын түйткіл жоқ. Бұл тараптардың жауапкершілігі мен бірлесе жұмыс істеуге құлшынысы жоғары екенін көрсетеді.

Мазмұнды келіссөз жүргізіп, қонақжайлық танытқаны үшін құрметті Владимир Владимирович Путинге тағы да алғыс айтамын.

Тату көршілік қатынастарымыз болашақта да стратегиялық серіктестік пен одақтастық мұратына жетелей береді деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.