Тағайындау • Бүгін, 12:24

Мұрат Ергешбаевтың Парламенттегі орнына кім келді?

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Қызылорда облысына әкім болып тағайындалған бұрынғы Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаевтың орнына Берік Бейсенғалиев келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұрат Ергешбаевтың Парламенттегі орнына кім келді?

Фото: Ашық дереккөз

«Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы жөніндегі бірлескен комиссияның құрамын өзгерту туралы мәселе қаралды. Өкілеттігі тоқтатылған Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаевтың орнына Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев келді», делінген хабарламада.

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

Берік Бейсенғалиев 1966 жылы ақпан айында Қостанай облысында дүниеге келген. Ол Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ Гарвард бизнес мектебінің (Harvard Business School) Жалпы басқару бағдарламасын (General Management Program) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған.

Мәжіліс Мұрат Ергешбаевтың депутаттық өкілеттігін тоқтатты

Соңғы жаңалықтар