и
Балалар • 31 Мамыр, 2025
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күні қандай шаралар өтеді?
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусымда Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар метромен тегін жол жүретін болады. Бастама мейрам күні балалары бар отбасыларды қолдауға арналған, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Инвестиция • 31 Мамыр, 2025
Жылуға салынған инвестиция: Қарағандыда ЖЭО жабдықтары күрделі жөндеуден өткізілуде
Қарағандылық ЖЭО-1 мен ЖЭО-3-те жеті ай ішінде 26 негізгі жабдық жөнделуі тиіс, оның ішінде бес қазандық пен үш турбинаны күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жобалар жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және жабдықтарға жүктемені азайтуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Балалар • 31 Мамыр, 2025
Қазақстандағы балдәурен шақты қолдау: болашаққа жұмсалған инвестиция
Қазақстанда балалардың өсіп, дамуына жан-жақты жағдай жасау - мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып саналады. Бұл үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Экология • 31 Мамыр, 2025
Түркістан облысында қалдық полигондарының 70 пайызы талапқа сай емес
Бұл жәйт облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өңірдегі тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтау полигондарының экологиялық талаптарға сәйкес жұмыс жүргізу бөлігіне талдауы нәтижесінде мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Мамыр, 2025
Оралда халықаралық турнир өтті
Орал қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысының тумасы, өлке қайраткері Қадыр Идиятовты еске алуға арналған байдарка және каноэ есуден халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 31 Мамыр, 2025
1 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркеу басталады
1 маусымнан бастап магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталады. Тіркелу ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2025 жылғы 8 шілдеге дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Әйел әлемі • 31 Мамыр, 2025
Астана халықаралық форумында (AIF2025) әйелдерді экономикада ілгерілетудің халықаралық және өңірлік құралдары талқыланды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қаржы • 31 Мамыр, 2025
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі наурызда банктерге қатысты алты қадағалау шараларын қабылдады. Бұл туралы реттеушінің бір айдағы ресми шолуында айтылған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Мамыр, 2025
Президент «АЛЖИР» музейін аралап көрді
Мемлекет басшысы тоталитарлық жүйе құрбандарының өмірінен сыр шертетін бірегей құжаттар, тұтқындардың жеке заттары, архив материалдарымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 31 Мамыр, 2025
Президент: Біз ұлттық болмысымызды бекемдеп, ынтымақ-бірлігімізді нығайта береміз
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада Әділетті Қазақстанды құру үшін ауқымды реформалар жасалып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 31 Мамыр, 2025
Тағдырдан теперіш көрдік деген ойдан арылуымыз қажет — Мемлекет басшысы
Президент бүгінгі ахуалға өткеннің өлшемімен қарап, үнемі кешегі күнмен өмір сүруге болмайды. Тарихқа барынша кең ауқымда қараған жөн. Біз тағдырдан теперіш көрдік деген ойдан арылуымыз қажет. Өткенге жалтақтау — әлсіздіктің белгісі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 31 Мамыр, 2025
Президент: Миллиондаған адамның тоталитаризм құрбаны болғанын жадымызда сақтау — қастерлі парызымыз
Бұл туралы Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада айтты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Елорда • 31 Мамыр, 2025
Астанада «Халық заңгері» ауқымды акциясы өтті
30 мамыр күні Астанада «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқан аясында ауқымды іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Мамыр, 2025
Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Туризм • 31 Мамыр, 2025
Түркістанда жасанды көлі бар саябақ ашылды
Түркістанда балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында саябақ ашылды. Қаланың экологиялық, туристік әлеуетін арттыруға бағытталған тың жобалардың бірі саналатын саябақ облыс орталығының жасыл қалаға айналуына үлкен септігін тигізеді. Жалпы Түркістанда 109 саябақ пен гүлзар бар. Яғни ашылған саябақ 110-шы болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет • 30 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Сербия сауда ынтымақтастығын әртараптандыруға ниетті
Астана халықаралық форумы шеңберінде Премьер-министр орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сербияның ішкі және сыртқы сауда министрі Ягода Лазаревичпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті Хорватия Республикасының Ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Италияда төрт мыңға жуық қазақстандық студент білім алады
Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру мен мәдениет салаларындағы ықпалдастық жайында сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы өнеркәсіптік кооперацияны нығайту зор мүмкіндікке жол ашады деп санайды
Қазақстан Орталық Азиядағы сирек металдардың кен орындары туралы барлық өзекті ақпаратты жинақтайтын Аймақтық зерттеу орталығын құру туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Президент: Сауда-экономикалық байланысты тереңдету – басты басымдық
Қасым-Жомарт Тоқаев Италиямен ықпалдастықтың перспективті бағыттарына қатысты ойымен бөлісті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Тарих • 30 Мамыр, 2025
Аштық нәубеті: Бір әулеттің аман қалған үні
Кәсіпкер, BI Group холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ата-бабаларының тағдыры туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым • 30 Мамыр, 2025
Күрделі есептерді шығаратын ЖИ
Жасанды интеллект бүгінде ғылым мен технологияға жаңа бағыт, жаңа серпін әкеліп жатыр. Соның соның бір мысалы ретінде «Google DeepMind» компаниясы мамыр айында таныстырған «AlphaEvolve» деп аталатын инновациялық жүйені айтуға болады. Бұл жүйе ғылымда бұрыннан шешімі табылмаған күрделі математикалық және есептеуіш мәселелерді тиімді шешуге арналған.
Парламент • 30 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан депутаттары бірлескен жұмысты күшейтуге келісті
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоилов екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында тараптар сауда, экономика, жасанды интеллект және мәдени-гуманитарлық байланыстар салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту жолдарын қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Астана форумында зияткерлік меншіктің болашағы талқыланды
Астана халықаралық форумының аясында «Жасанды интеллект дәуіріндегі зияткерлік меншік» тақырыбында панельдік сессия өтті. Жиын барысында жетекші сарапшылар, саясаткерлер және цифрлық экономиканың өкілдері цифрлық трансформация дәуіріндегі зияткерлік меншікті қорғау мен реттеудің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Шавкат Мирзиёев Астанаға ресми сапармен келді
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға келді
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
«Хабар» Агенттігі лудомания туралы деректі фильм түсірді
«Хабар» Агенттігі өзінің 30 жылдық мерейтойы аясында өткір әлеуметтік мәселелерді көтеретін деректі фильмдер циклын жалғастырып келеді. Жаңа туынды – журналист Сәби Байбосыновтың авторлық жобасы «Ставка на жизнь» – құмар ойындарға тәуелділік, яғни лудомания тақырыбына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Италия бірлескен мәлімдеме қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони келіссөздер қорытындысы бойынша Стратегиялық серіктестікті кеңейту жөнінде Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 30 Мамыр, 2025
Бейжіңде Қазақстанның мәдени орталығы ашылады
Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қытай мен Орталық Азия арасындағы мемлекеттік басқару және гуманитарлық байланыстар жөніндегі симпозиумда мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелонимен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Жиынға екі ел делегациялары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.