Спорт • 31 Мамыр, 2025

Оралда халықаралық турнир өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысының тумасы, өлке қайраткері Қадыр Идиятовты еске алуға арналған байдарка және каноэ есуден халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда халықаралық турнир өтті

«Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған бұл турнир жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлікті арттыру және достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосты. Ұйымдастырушылар алдағы жылдары да бұл жарысты дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр» деді ұйымдастырушы тарап.

Дүбірлі додаға Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және облыстардың құрама командалары қатысып, барлығы 110 спортшы төрт қаштықтықта бақ сынады. Екі күнге созылған жарыс нәтижесіне тоқталар болсақ:

К1 – 500 метр

1. Д. Чкалкин

2. А. Борисов

3. Б. Хайронова

К2 – 500 метр

1. Д. Чкалкин

2. А. Борисов

3. Б. Хайронова

4. Я. Тілекқабылова

К1 – 200 метр

1. Б. Хайронова

2. С. Самсонова

3. Я. Тілекқабылова

4. Д. Чкалкин

К2 – 500 м (аралас):

1. Д. Чкалкин – С. Самсонова

2. Д. Астафьев – Л. Лебедьева