Балалар • 31 Мамыр, 2025

Қазақстандағы балдәурен шақты қолдау: болашаққа жұмсалған инвестиция

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда балалардың өсіп, дамуына жан-жақты жағдай жасау - мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып саналады. Бұл үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандағы балдәурен шақты қолдау: болашаққа жұмсалған инвестиция

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылы "Ұлттық қор-балаларға" жобасын іске асыру қолған алынған еді. Оның аясында әр балаға жыл сайын Ұлттық қордан қаражат бөлінеді.

2024 жылы бұл төлемдердің көлемі бір балаға шаққанда 129,38 долларға артты.

Ал тұтастай бағдарлама бойынша жалпы қаражат 888 млн долларға жетті. Бұл көрсеткіш мемлекеттің әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлетінін көрсетіп отыр. Жобаның шарттарына сәйкес жинақталған қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалануға болады: тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім беру ақысын төлеу үшін.

Мұндай амалдар отбасыларға тікелей қолдау көрсетіп қана қоймай, болашақ ұрпақтың әл-ауқатына негіз құра отырып, елдің ұзақмерзімді дамуына ықпал етеді.