Фото: istockphoto.com
Мәліметтерге сәйкес, ауру ең көп таралған өңір – Итури провинциясы болып отыр. Мұнда 264 жұқтыру дерегі тіркелген. Сондай-ақ Солтүстік Киву провинциясында – 15, Оңтүстік Киву өңірінде – 3 жағдай расталған.
Соңғы мәлімет бойынша, індеттен 42 адам көз жұмған. Алайда ДДҰ адам өлімі фактісінің бұдан да көп екендігін айтып дабыл қағып отыр. Қазіргі уақытта 238 науқас ем қабылдап жатыр. Тағы екі адам дерттен айығып шыққан.
Еске салайық, Конго билігі Эбола індетінің өршуі туралы ақпаратты алғаш 15 мамырда жариялаған болатын. Ауру көршілес Угандаға да тараған. Бұл елде 9 адамнан вирус анықталып, 1 адам қайтыс болған.
Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкада төтенше жағдай режимін енгізді.