Фото: Видеодан алынған кадр
Оқиғадан кейін әйел қалалық ауруханаға жеткізілді.
«Науқас жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақтанған соң травматология бөліміне ауыстырылды. Қазіргі уақытта жағдайы бірқалыпты, ауырлығы орташа деңгейде. Қажетті медициналық көмектің барлығы көрсетіліп жатыр», делінген ведомство хабарламасында.
Қарағандыда көлік студент қызды қағып кетті: Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды
Ал сәби медициналық көмекті қажет етпеген. Жүк көлігі айып тұрағына қойылды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін Көкшетауда кішкентай баланы көлік қағып кеткені туралы хабарлағанбыз.