Президент • 30 Мамыр, 2025

Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті Хорватия Республикасының Ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Астана мен Загреб арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың дами беретініне сенім білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, хорват халқына құт-береке тіледі.