Оқиға • 30 Мамыр, 2025

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға келді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға келді

Бүгінде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы екіжақты қарым-қатынас стратегиялық әріптестік шеңберінде дамып келеді. 2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $1,2 млрд-ты, ал 2025 жылдың бірінші тоқсанында – $289,6 млн-ды құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға артқанын.

Сонымен қатар Қазақстандық тауарлар экспорты 17,4%-ға өскен. Өзара тауар айналымын $2 млрд-қа дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ ынтымақтастық су-энергетика, ауыл шаруашылығы және тағы басқа да салаларда белсенді дамып келеді.