Экология • 31 Мамыр, 2025

Түркістан облысында қалдық полигондарының 70 пайызы талапқа сай емес

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жәйт облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өңірдегі тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтау полигондарының экологиялық талаптарға сәйкес жұмыс жүргізу бөлігіне талдауы нәтижесінде мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында қалдық полигондарының 70 пайызы талапқа сай емес

«Облыс аумағындағы 135 полигон инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген, яғни жарық, қоршау, арнайы құрылғылармен жабдықталмаған. Ал 81-і санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз, 11-і экологиялық рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеуде. Бұл ретте, орын алған заң бұзушылықтар бойынша прокуратура тарапынан қадағалау актісі енгізіліп (Түркістан облысы бойынша Экология департаменті мен санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментіне), тиісті басшыларына  9 млн теңгеден астам айыппұл салынды және 11 полигонның қызметі экологиялық рұқсат алғанша тоқтатылды», деп хабарлады Түркістан облысының прокуратурасы.

Қазіргі таңда рұқсат етілмеген полигондарды тазарту және санитариялық, экологиялық заңнамалардың талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.