
Әлем • 17 Наурыз, 2024
Біраз уақыттан бері Мажарстан мен Түркияның келісімін ала алмай келген Швеция НАТО-ға ресми түрде өтті. Соңғы болып Мажарстан Парламенті дауыс берді. Әскери одақ Стокгольмнен не алмақ? Сондай-ақ Швеция оған мүше болудан қандай пайда көреді?
Әлем • 04 Наурыз, 2024
15-17 наурызда Ресейде президент сайлауы өтеді. Елдің Орталық сайлау комиссиясы қаңтар айында Владимир Путинді кандидат ретінде тіркеді. Саяси науқан алдында Ресей басшысы Федералдық жиналысқа Жолдау жасады. Ол «соғысқа қатысушылар үшін ипотека жеңілдетіледі, тұрақты диспансерлік салық шегеріледі, бизнестің бір бөлігі тексерістен босатылып, отбасылық несие ұзартылады», деп уәде берді.
Экология • 18 Ақпан, 2024
Жаһанды жайлаған экологиялық ахуалмен күресуге әлем елдерінің күші жетпей жатыр. Еуропаның климаттық саясаты да құлдыраудың аз-ақ алдында тұр. Өйткені фермерлердің наразылық акцияларынан «жалыққан» Еуроодақ комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйен пестицидтерді пайдалануды екі есе қысқартуға арналған заң жобасын кері қайтарып алып, сынға қалды. Сонымен қатар сарапшылар Қазақстанда «алты айдан астам уақыт бойы жанып тұрған алау, жер бетінде метанның ең үлкен ағымын тіркеді» деп мәлімдеп, мұны Батыс БАҚ-тары жарыса жазды.
Әлем • 11 Ақпан, 2024
Қазір АҚШ-тың өзге елдерге көмек беретін шамасы жоқ. Кейінгі бірнеше айда ел шекарасынан өткен заңсыз мигранттар саны күрт өсіп, рекордтық көрсеткішке жеткен. Сарапшылар мұны «көші-қон дағдарысы» деп атап, Джо Байденнің президенттік мансабына қауіп төндіруі мүмкіндігін ескертеді. Өйткені Дональд Трамп Байденді қатаң сынға алып, заңсыз мигранттарға қарсы наразылық оны Ақ үйге қайтарады деп үміттеніп отыр. АҚШ-тың оңтүстік шекарасында не болып жатыр, ел иммиграция мәселесін қалай шешпек?
Саясат • 28 Қаңтар, 2024
Ауқымды логистикалық бастаманың әлеуеті
Қазір ғалымдар, сарапшылар осыдан он жыл бұрын ҚХР басшысы Си Цзиньпин ұсынған «Бір белдеу, бір жол» жобасының «жемісін» талқылап жатыр. Алғаш рет Астанада жарияланған бастама мақсатына жетті ме? Жобаға қатысушы елдер не ұтты? Қытай жобаны әлі де жалғастыра бермек. Әсіресе әлем ғалымдарын жобаға қатысты Орталық Азия, соның ішінде Қазақстан мен Қырғызстанның жағдайы қызықтырады.
Әлем • 14 Қаңтар, 2024
Өткен аптада АҚШ пен Ұлыбритания хусит әскери нысандарына шабуыл жасады. Әлемдік БАҚ Пентагон өкіліне сілтеме жасай отырып, Йемендегі 10-ға жуық хусит нысаны соққыға ұшырағанын хабарлады. Хуситтер деген кім? Қызыл теңіздегі кеме жолы неге жабылды? Бұл әрекет әлемдік саудаға қалай әсер етеді?
Әлем • 08 Қаңтар, 2024
Қазір Ұлыбританияда саңырауқұлақ, орамжапырақ және алма жинау маусымы жүріп жатыр. Кейінгі екі жылда «Brexit» пен Украинадағы қақтығысқа байланысты фермерлер әдеттегідей жұмыс күшін Қазақстан, Қырғызстан, Индонезия, Вьетнам секілді мемлекеттерден тарта бастады. Тұманды Альбионға келгеннен кейін өзіміз тұрақтанған қалада қандай ірі шаруашылық бар екен деп құлағымызды түріп жүрдік. Ниетіміз – екі қолға бір күрек іздеп келген қазақтар болса, жолығып, сөйлесу.
Әлем • 26 Қараша, 2023
АҚШ-ҚХР: Қайта жанданған байланыс
Калифорниядағы саяжайда серуендеп келе жатқан Джо Байден мен Си Цзиньпиннің суреті қытайлық БАҚ-тың бас тақырыбынан әлі түскен жоқ. Бейжің бұл төрт сағаттық екіжақты кездесуді «тарихи» кезең десе, америкалық ең ірі мемлекеттік «People’s Daily» газеті Қытай-Америка қарым-қатынасының «жаңа бастауы» деп атады.
Басылым • 20 Қараша, 2023
Басқа басылымдардан: Қазақстанның сыртқы саяси мүддесі
Қазақстан – әлемдік аренада өз позициясын нығайтуға ұмтылып отырған елдердің бірі. Қазіргі геосаяси шиеленіс кезінде өзінің «көпвекторлы» сыртқы саяси бағытын сақтауға және «бауырлас» көрші мемлекеттермен тығыз қарым-қатынасты дамытуға тырысады. Бірақ бұл тәсілі Астананың Мәскеу және Бейжіңмен қарым-қатынасына қалай әсер етеді?
Әлем • 16 Қараша, 2023
Паулина Джонс: Мүмкіндіктерге жол ашқан көпвекторлы саясат
Қазақстанның сыртқы саясатын зерттеп, халықаралық конференцияларда, сол сияқты түрлі жиындарда баяндама жасап жүрген ғалымдардың бірі – саясаттану ғылымдарының профессоры, Мичиган (АҚШ) университетіндегі цифрлық Исламтану бағдарламасының (DISC) директоры Паулина Джонс.