Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
599 материал табылды

Саясат • 13 Желтоқсан, 2025

Елдегі реформаларды таныстырды

Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Ватиканға жұмыс сапары аясында Егеменді Мальта Орденінің Ұлы Магистрі Фра Джон Тимоти Данлаппен, сондай-ақ Ұлы Канцлері Риккардо ди Монтекупомен кездесті. Онда ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланып, көпжақты байланыстарды кеңейту келешегі белгіленді. Бұған қоса, бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты пікір алмасты.

Әлем • 12 Желтоқсан, 2025

Көлік апаты сирек тіркелетін ел

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, күн сайын әлемде шамамен 3 мың адам жол-көлік оқиғаларынан көз жұмады. Басты себеп – сапасыз жол инфрақұрылымы, көлік тізгіндегендердің жауапсыздығы.

Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025

Пробация қызметі есебінде тұрғандар назардан тыс қалмайды

Астанадағы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ғимаратында пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға арналған әлеуметтік акция өтті. Астана қаласы прокуратурасы, қала әкімдігі, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырған іс-шараға 200-ге жуық адам қатысты.

Форум • 10 Желтоқсан, 2025

Білім жүйесінде жемқорлыққа жол жоқ

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай Maqsut Narikbayev University-де өткен Академиялық адалдық лигасының «Адал білім – адал ұрпақ» білім беру жүйесінде академиялық адалдықты ілгерілету жөніндегі республикалық форумында мектеп, колледж, жоғары оқу орындарындағы ашықтық мәселесі кеңінен қозғалды.

Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025

Игі істер адамдарға қуаныш сыйлайды

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде қызмет етіп жатқан волон­терлерді Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қалдырған жазбасында волонтерлік қозғалыс еліміздегі қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын мәлімдеді.

Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025

Халық қайырымдылыққа сене ме?

5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күні. Кейде ақысыз еңбек ететін ерікті азаматтарға сенімсіздік танытатынымыз бар. Ал шын мәнінде жұмыс кестесіне бағынбайтын олардың жұмысы ерлікпен тең. Өкінішке орай ел тұрғындарының 24 пайызға жуығы ғана волонтерлік ұйымдардың қызметі туралы жақсы хабардар.

Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025

Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы науқан

Қазір «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» жаһандық халықаралық науқан жүріп жатыр. Осыған орай ұйымдастырылған іс-шараның бірі Орталық коммуникациялар алаңында өтті.

Саясат • 03 Желтоқсан, 2025

Қасиетті Тақтың өкілімен кездесті

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қасиетті Тақтың еліміздегі Апостол­дық нунциі Джордж Джордж Панамтундилмен кездесті. Онда рухани дипломатияны ілгерілету мен халықаралық серіктес­тікті кеңейту мәселелері талқыланды.

Қоғам • 29 Қараша, 2025

Әйелдер мен балалар қауіпсіздігі назардан түспейді

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Халықаралық «16 күн зорлық-зомбылықсыз» акциясына арналған дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылды. Бұл Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен, БҰҰ-Әйелдер құрылымының техникалық қолдауымен өткізілді.

Қоғам • 28 Қараша, 2025

Әлемнің газетке көзқарасы ерекше

Интернеттің кең таралуымен газет, журнал­дар­­дың тиражы төмен­­­дей бас­тады. Тіпті газет­тің қағаз түрі енді шықпай­­ды де­ген болжам да айты­­лып жүр. Бірақ классика­­лық газет-журнал құрдым­ға кетсе, білімсіз ұрпақ қалыптасатынын түсін­ген әлем елдері дәстүрлі БАҚ-ты «құтқаруға» кірісті. Баспа индустрия­сының ел дамуына қоса­­тын маңызын терең түсіне­­­тін елдің үкіметтері мер­зім­ді басылымдар секто­рына жыл сайын қомақ­ты қаражат бөліп, түр­лі деңгейде қолдау көрсе­тіп жатыр. Мәселен, мер­зім­ді басылымдарға мем­ле­кеттік қолдау қа­жет­тілігін Еуропа Кеңесі өт­кен ғасырдың 70-жылдары-ақ мақұлдаған.

Яндекс.Метрика