Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
341 материал табылды

Құқық • 19 Мамыр, 2023

Қылмысты мойындау жазаны жеңілдете ме?

Әділет министрлігі Мәжіліс депутаттарына «Қазақстан Рес­публикасының кей­бір заңнамалық акті­леріне Қыл­мыс­тық, Қылмыстық-пр­о­цес­тік және Қыл­­мыс­тық-атқару ко­декс­терін оңтай­лан­дыру мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Пікір • 18 Мамыр, 2023

Коучқа кіріптарлық

Қазір түрлі коучтардың дәурені жүріп тұр. Әлеуметтік желіні аша қалсақ, сан алуан тренингке шақыратын жарнама шыға келеді. Бірі бай болуға үйретемін десе, енді бірі сұлу әрі іскер әйел болудың құпиясын айтамын деп еліктіреді. Тіпті мықты жігіт тауып, бақытты әйел болудың сырын ашамын, шетелге сая­хаттаудың жолдарымен бөлісемін деп әуре. Осындай тренингтер өткізіп жүрген­дер өзін коуч санап, онсыз да санасы сан саққа жүгірген қоғамды адастырып жүр.

Аймақтар • 17 Мамыр, 2023

Өнеркәсібі дамыған өңір

Ақтөбе облысының қазіргі экономикалық өсімі тұрақты. Жалпы, салалар бойынша ауыл шаруашылығы – 100,9, инвестиция көлемі – 111,4, құрылыс – 115, тұрғын үйді пайдалануға беру 101,1 пайызды құраған. Биыл тағы 1 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделіп отыр. Өңірдің жолдары да тақтайдай тегіс болмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Қоғам • 16 Мамыр, 2023

Отбасы құндылығы: таным мен таразы

Елімізде отбасы-тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың саны артқан. Ең өкініштісі, жантүршігерлік оқиғалардан балалар да зардап шегіп жатыр. Ал кейбір БАҚ-тың зорлық-зомбылық оқиғаларын ашық көрсетіп, қоғам дертін одан сайын өршітіп отырғаны белгілі. Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі халықаралық ұйымдар, медиа қауымдастық және сарапшыларды дөңгелек үстел басына жинап, мәселені жан-жақты талқылады.

Әлем • 14 Мамыр, 2023

Атажұрт пен Анадолының арасы

Қазаққа тарихы, тілі мен мәдениеті, дүниетанымы мен түсінігі жақын елдер­дің бірі – Түркия. Отыз жылдан аса уақыт ішін­де қазақ-түрік байланыс­тары сауда-экономика, көлік-инфрақұрылым, туризм, мәдениет, білім беру, қауіпсіздік және та­ғы басқа салаларда қар­­­қынды дамып, қазір көп­жақты стратегиялық ын­­ты­­мақ­тас­тық жалға­сып келеді.

Үкімет • 11 Мамыр, 2023

Скутер де көлік құралы санатына енеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар электрлі скутерлердің мәселесін қозғап, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылап, қабылдады. Енді электрлі скутерлер мен самокаттарды пайдаланудың тәртібі заңмен бекітіліп, бұл құрылғылар көлік құралдарына жатқызылмақ.

Халық • 09 Мамыр, 2023

Сарбаз ботқасының дәмі

Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицерлері тағылымды іс-шара бастады. Олар «Шарапат» әлеу­мет­тік қызмет көрсе­ту орт­а­лы­­ғының тұрғын­дарына Ж­еңістің 78 жылдығына орай «Сарбаз ботқасы» ак­циясын ұйымдастырды. Әскери оркестр, далалық ас үйдегі сарбаз ботқасы зұл­мат кездердің бар қи­ын­­шылығы мен Жеңіс­тің қадірін тағы бір түсін­діргендей болды.

Марапат • 09 Мамыр, 2023

Жеңіс парадына қатысқан тұлға

Мемлекет бас­шы­сының Жар­лығы­мен Екінші дүние­жүзілік со­ғыста көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бірқатар ардагер марапатталды. Оның бірі – биыл 100 жасқа келген, Жеңіс парадына қа­ты­­су­шы Иван Гапич. Же­ңіс күні қарсаңында ардагер­ге «Халық қаһар­ма­н­ы» атағы беріліп, ай­рық­­­ша ерекшелік белгісі – «Алтын Жұлдыз» бен «Отан» ордені тапсырылды.

Әйел әлемі • 06 Мамыр, 2023

Гендерлік теңдікке бет бұру

Осыдан бір жыл бұрын Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Самұрық-Қазына» қоры «Гендерлік теңдік» бағдарламасын әзірледі. Нәтижесінде, қорға қарасты мекемелердің басшылық лауазымдағы қыз-келіншектері оқыту курсынан өтіп, көшбасшы әйелдер пулына енді. Астанада квазимемлекеттік секторында әйел басшыларды даярлау бойынша «Гендерлік теңдік» бағдарламасының бітіру рәсімі өтті. Салтанатты жиында курсты сәтті аяқтағандарға Беркли университетінің сертификаты тапсырылды.

Қазақстан • 06 Мамыр, 2023

Қытай және Орталық Азия: Басым бағыттар

18-19 мамырда Қытайдың Сиань қаласында Қытай-Орта­лық­ Азия саммиті өтеді. Бейжің қазір бұл іс-шараға қызу дайындалып жатыр. БАҚ-та­ тараған ақпаратқа сәйкес Қытай Қазақ­станмен 30 күнге визасыз режім туралы келісімге қол қоймақ. Сондай-ақ­ аймақтың өзге елдерімен көлік байланысына қатысты жобаларды жүзеге асырады деп күтіліп отыр.