Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
541 материал табылды

Саясат • 09 Тамыз, 2025

Еурокомиссия EES жүйесін енгізеді

Күзден бастап Еурокомиссия жаңа EES цифрлық шекаралық бақы­лау жүйесін орнатады. Жүйе төл­құжат орнына пайдаланылады, атап айтқанда, туристің Шенген аймағында болу ұзақтығын автоматты түрде бақылайды.

Саясат • 09 Тамыз, 2025

Парламентаралық ынтымақтастықтың жаңа белесі

Сенат депутаттары Жақып Асанов, Сұлтанбек Мәкежанов, Нұртөре Жүсіп, Алишер Сатвалдиев және Жанна Асанова еліміздің Парламенті Сенаты мен Тәжікстан Республикасы Оли Мажлисінің Маджлиси Милли арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Тұрақты комиссияның үшінші отырысына қатысып, сауда-экономикалық, цифрлық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Саясат • 07 Тамыз, 2025

Басым бағыттарға мән берілді

Сенаторлардың өңірлердегі сапары жалғасып жатыр. Сенат депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Риддер қаласына барды. Ал Сұлтанбек Мәкежанов Алматы қаласында денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту барысымен, ал Сағындық Лұқпанов Атырау облысындағы теміржол саласын дамыту мәселелерімен танысты.

Саясат • 06 Тамыз, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрлық арқылы байланыстың маңызы арта түседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін «Аваза» конгресс-орталығына келді. Мұнда Қазақстан басшысын Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов күтіп алды. Бұдан соң конференцияға қатысушы делегация басшылары бірге суретке түсті. Алқалы жиынның ашылу салтанатына дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Басқосуда аймақ елдері ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды. Содан соң Мемлекет басшысы конференция өтетін «Аваза» спорт кешеніне келді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.

Мектеп • 01 Тамыз, 2025

Құрылыс барысымен танысты

Сенат депутаттары бірқатар өңірде Президенттің бас­тамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектеп­тері» ұлттық жобасы аясындағы шаралармен қоса білім беру саласындағы мемлекеттік басым бастамаларды іске асыру барысымен танысты. Аталған жоба зама­науи, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қалыптас­тыруға бағытталған.

Кітапхана • 31 Шілде, 2025

Kazneb.kz аясы кеңейе түсті

Биыл алғашқы жартыжылдықта Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасының Kazneb.kz платформасының даму қарқыны жаңа деңгейге көтерілді.

Басылым • 31 Шілде, 2025

Басқа басылымдардан: Мұнай көлемін арттыру жайы талқыланды

Анкарада Режеп Тайип Ердоған мен Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді. Ердоған кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Түркия арқылы әлемдік нарыққа тасымалданатын қазақ мұнайының көлемін арттыру жолдарын талқылағанын айтты.

Экономика • 30 Шілде, 2025

Қазақстан көміріне кедергі жоқ

Еліміз Ресей арқылы Еуропа елдеріне қайта көмір тасымалдайды. Үкімет Еуропалық одақ жанындағы тұрақты өкілдігімен бірлесіп, еуропалық тараппен түрлі деңгейде келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, ЕО санкциялық режі­міне тиісті өзгерістер енгізу туралы жолданған ресми өтінішті Еурокомиссия қабылдап, жерде қалдырмады.

Әлем • 30 Шілде, 2025

Brexit қателік болды ма?

Ұлыбритания тұрғындары елдің Еуроодаққа қайта қосылуын қолдап отыр. Жалпы кез келген мемлекет экономикалық, әлеуметтік-саяси қатынастар бойынша туындайтын мәселелердің, міндеттердің шешімін табуда бірлесіп, халық­арaлық күш жұмылдыруға ұмтылады. Мұның артықшылығын британдықтар мойындаған сыңайлы. Өйткені бес жыл бұрын қабылданған Brexit уәделері әлі де орындалмай келеді.

Энергетика • 29 Шілде, 2025

Атыраудағы өндіріске кедергі көп

Атырау облысында түрлі үлгідегі гипсокартон өндіретін зауыт электр қуаты мен логистика мәселелерінен зардап шегіп отыр. Осының салдарынан шығынға ұшыраған, деп жазады Egemen.kz.