Референдум • Бүгін, 08:13

Мемлекет дамуының жаңа кезеңі

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде конституциялық реформаларды көпшілікке түсіндіру жұмыстары қарқын алды. Соның бірі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бас кеңсесінде өтті. Жаңа Ата заң жобасы талқыланған кездесуде ұсынылып отырған өзгерістердің мән-маңызы мен мемлекет дамуына ықпалы айтылды.

Мемлекет дамуының жаңа кезеңі

Компания қызмет­кер­лері, еншілес және тәуелді компания басшылары қатысқан іс-шарада Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай, Мәжіліс депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Мұрат Әбенов, «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры, Кон­ституциялық реформа жөніндегі комиссия мү­шесі Дихан Қамзабекұлы конституциялық өзгеріс­тер­дің негізгі бағыт­­тарын түсін­дірді. Олар ұсынылып отыр­ған өзге­рістердің мемлекет бас­қару жүйесін жетіл­діруге, де­мо­кратиялық инс­титут­­тар­ды нығайту мен аза­маттардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетік­терін күшейтуге бағыт­тал­ғанын айтты. Жаңа Конс­титуция жобасы елдің саяси жүйесін жаңғыртып, қоғам­дық қатынастарды одан әрі да­мытуға жол ашады. Құ­жат қа­былданған жағдайда елі­міз­дің құқықтық мемлекет ре­тінде дамуына жаңа серпін беріп, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға ықпал ете­ді.

Компания басшысы да Конституция жоба­сын әзірлеу бары­сында қо­ғам пікірі еске­рілгенін, кең ауқымды сарап­тамалық тал­қылаулар жүр­гізілгенін атап өтті. Түрлі сала мамандары, заңгерлер мен қоғам белсенділері атсалысып, азаматтардан түскен ұсы­ныстар да назарға алынған.

«Бүгінде еліміз маңызды тарихи кезеңнің алдында тұр. Конституциялық реформа заң үстемдігін нығайтып, билік тармақ­­тарының теңгерімін қам­тамасыз етуге және аза­мат­тардың құқықтары мен бос­тандықтарын қор­ғау кепіл­діктерін күшейтуге бағыт­талған», деді «Қазатом­өнер­­кәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.

Кездесу соңында Конс­ти­ту­­циялық комиссия мүше­лері қатысушыларды 15 нау­рыз­да өтетін респуб­ли­ка­лық рефе­рен­думға белсенді қатысуға ша­қырып, бұл сая­си оқиға елдің бо­лашағын ай­қын­дай­тын тарихи қа­­дам­дар­дың бірі екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық?

Ауа райы • Бүгін, 09:40

Ұстаздық ғұмыр белесі

Ұстаз • Бүгін, 08:43