Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
191 материал табылды

Әлем • Бүгін, 08:43

Вашингтон саммитінен не күтеміз?

Бүгін Вашингтонда Орталық Азия елдерінің басшылары мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың қатысуымен «C5+1» форматында саммит өтеді. 

Сұхбат • Бүгін, 08:25

Денис ЛОКТЬЕ: Ақпарат саласына байсалдылық қажет

Қазір әрбір сала жасанды интеллектіні жұмыс барысында қолдануға тырысып жатыр. Цифрлы технологияның бұл түрінің БАҚ-тағы рөлі қандай? Кеше басталған «Astana Media week» іс-шарасының негізгі тақырыбы да осы мәселеге арналды. Осыған орай «Euronews» телеарнасының халықаралық тілшісі (Франция) Денис Локтьемен әңгімелесудің сәті түсіп, өзекті тақырып төңірегінде бірер сұрақ қойған едік.

Әлем • Кеше

Орталық Азия мен АҚШ серіктестігінің жаңа кезеңі

Өткен айдың соңында АҚШ Конгресі мүшелері Дональд Трампты биыл Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездесу өткізуге шақырды. Осылайша АҚШ Президенті аймақ елдерінің көшбасшыларын 6 қарашада C5+1 саммитінде күтетінін айтып, хат жолдады. Саммитте Американың аймақтағы стратегиялық мақсаты, соның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, экономикалық байланыстар талқыланбақ. Жалпы алпауыт мемлекетке деген Орталық Азия елдерінің бірлескен ұстанымы қандай? C5+1 форматы жаңа геосаяси дәуірдің басталған тұсы ма?

Саясат • 01 Қараша, 2025

Екіжақты кездесу өткізді

Қазақстан Респуб­ли­касының Мем­лекеттік кеңесшісі – Қазақ­станның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жө­ніндегі ұлттық ко­мис­сиясының төр­ағасы Ерлан Қарин Өзбек­стан Респуб­ликасының Самар­қанд қаласында өтіп жат­­қан ЮНЕСКО Бас конферен­ция­сының 43-сес­сиясы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Үкімет • 31 Қазан, 2025

Қазақстан мен Марокко арасындағы келісім мақұлданды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар еліміз бен Марокко Корольдігінің арасындағы қылмыстық істерге қатысты бірқатар заңды қарап, мақұлдады.

Форум • 30 Қазан, 2025

Тәлімі мол әйелдер форумы

Павлодар облысында Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды өңірінің белсенді, іскер әйелдері «Ауыл әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты республикалық форумында бас қосты. Осынау іс-шара Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссия мен «Ауыл» партиясының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін Атырауда батыстағы төрт өңірдің әйелдер қауымы жиналып, маңызды мәселелерді талқылаған еді.

Саясат • 29 Қазан, 2025

Дипломатия жемісі

Еліміз 1992 жылы БҰҰ-ға мүше болған соң, біртіндеп аймақтық, әлемдік ұйымдардың құрамына ене бастады. Бірқатарына төрағалық та етті. Елшілік, консулдықтармен қатар халықаралық ұйымдарда тұрақты өкілдіктерін ашты. Дипломатиялық миссияларды орындап, бітімгерлік жолға өз алаңын ұсынды. Сондай-ақ еліміз – Еуроодақтың Орталық Азиядағы басты серіктесі.

Сенат • 25 Қазан, 2025

Сенаттағы салтанатты рәсім

Парламент Сенатында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған палата депутаттары мен аппарат қызметкерлері қатысты.

Республика күні • 24 Қазан, 2025

Елдікті айшықтаған ерекше құжат

Еліміздің өз алдына ел болғанын дәлелдейтін құжаттардың бірі әрі бірегейі – Мемлекеттік егемендік туралы декларация. Саяси құжаттың сипатын айқындайтын нақты бір құжат түрі қандай болу керек екенінен бастап, қандай заңдар қамтылатыны, Президенттің өкілеттілігі секілді мәселелерді енгізу сол кездегі заңгерлер мен қоғам қайраткерлеріне оңайға түспегенін қазір тарихшылар айтып келеді. Ең бастысы, бұл саяси құжат кеңестік заңдардың күшін жойып, тәуелсіздік жолына қарай бағыттады.

Саясат • 22 Қазан, 2025

Бауырлас елдердің байланысы нығая береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті қарсы алды. Екі ел басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған соң, Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, мемлекеттік әнұрандар шырқалды. Бұдан соң Мемлекет басшылары келіссөз залына өтті.