Форум • 07 Қараша, 2025
Халық медиаға қаншалықты сенеді?
Астанада БАҚ өкілдеріне арналған «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» тақырыбымен өтіп жатқан «Astana Media Week»-тің екінші күнінде сарапшылар қоғам мен медиа арасындағы сенім деңгейін талқылады. Толассыз ағылған, шындығы мен жалғаны араласқан ақпарат легі кезеңінде қоғам сенімі қалай қалыптасады?
Университет • 06 Қараша, 2025
Ақтөбеде оқу орны Миннесота университетімен бірлескен жобаны қолға алды
Жуырда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде АҚШ-тың Миннесота университетімен бірлескен «Халықаралық зерттеу құзыреттіліктерін дамыту орталығы» ашылады.
Әлем • 06 Қараша, 2025
Вашингтон саммитінен не күтеміз?
Бүгін Вашингтонда Орталық Азия елдерінің басшылары мен АҚШ Президенті Дональд Трамптың қатысуымен «C5+1» форматында саммит өтеді.
Сұхбат • 06 Қараша, 2025
Денис ЛОКТЬЕ: Ақпарат саласына байсалдылық қажет
Қазір әрбір сала жасанды интеллектіні жұмыс барысында қолдануға тырысып жатыр. Цифрлы технологияның бұл түрінің БАҚ-тағы рөлі қандай? Кеше басталған «Astana Media week» іс-шарасының негізгі тақырыбы да осы мәселеге арналды. Осыған орай «Euronews» телеарнасының халықаралық тілшісі (Франция) Денис Локтьемен әңгімелесудің сәті түсіп, өзекті тақырып төңірегінде бірер сұрақ қойған едік.
Саясат • 05 Қараша, 2025
Орталық Азия мен АҚШ серіктестігінің жаңа кезеңі
Өткен айдың соңында АҚШ Конгресі мүшелері Дональд Трампты биыл Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездесу өткізуге шақырды. Осылайша АҚШ Президенті аймақ елдерінің көшбасшыларын 6 қарашада C5+1 саммитінде күтетінін айтып, хат жолдады. Саммитте Американың аймақтағы стратегиялық мақсаты, соның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, экономикалық байланыстар талқыланбақ. Жалпы алпауыт мемлекетке деген Орталық Азия елдерінің бірлескен ұстанымы қандай? C5+1 форматы жаңа геосаяси дәуірдің басталған тұсы ма?
Саясат • 01 Қараша, 2025
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді.
Үкімет • 31 Қазан, 2025
Қазақстан мен Марокко арасындағы келісім мақұлданды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар еліміз бен Марокко Корольдігінің арасындағы қылмыстық істерге қатысты бірқатар заңды қарап, мақұлдады.
Қоғам • 30 Қазан, 2025
Орманшылар ағылшын тілін үйреніп жатыр
Қатонқарағай ауданында жергілікті тұрғындар, орманшылар мен кәсіпкерлер шетелдік туристермен еркін тілдесу мақсатындаағылшын тілін үйрене бастады. Курстарға ұлттық парк инспекторлары, қонақүй иелері мен жас гидтер де қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 30 Қазан, 2025
Павлодар облысында Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды өңірінің белсенді, іскер әйелдері «Ауыл әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты республикалық форумында бас қосты. Осынау іс-шара Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен «Ауыл» партиясының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін Атырауда батыстағы төрт өңірдің әйелдер қауымы жиналып, маңызды мәселелерді талқылаған еді.
Саясат • 29 Қазан, 2025
Еліміз 1992 жылы БҰҰ-ға мүше болған соң, біртіндеп аймақтық, әлемдік ұйымдардың құрамына ене бастады. Бірқатарына төрағалық та етті. Елшілік, консулдықтармен қатар халықаралық ұйымдарда тұрақты өкілдіктерін ашты. Дипломатиялық миссияларды орындап, бітімгерлік жолға өз алаңын ұсынды. Сондай-ақ еліміз – Еуроодақтың Орталық Азиядағы басты серіктесі.