Қылмыс • 07 Қаңтар, 2026

Қоңырауға сақ болған жөн

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Поштамен сізге зат келіп тұр, SIM карта мерзімі өтіп тұр, емханаға тіркелу қажет, су-жарық жүйесіндегі қарызды төлеу, счетчиктерін ауыстыру қажет», деп қоңырау шалатын алаяқтар күннен-күнге айласын іске асырып жүр. Мұндай жалған қоңырауға алданып қалатын тұрғындар саны да азаймай тұр. Ішкі істер министрлігі 85 млн-нан аса алаяқтық қоңыраудың жолы кесілгенін мәлімдеді.

Қоңырауға сақ болған жөн

Сурет: orda.kz

ІІМ таратқан ақпаратқа сәйкес, полиция өткен жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 млн-нан аса жалған қоңырауды бұғаттаған. Сондай-ақ 85 млн-нан аса алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді. Қылмыстық топтарды құру мен басқару фактілері бойынша 6 қылмыстық (біреуі трансұлттық) іс қозғалған.

Сонымен қатар қабылданған техникалық шаралардың нәти­жесінде қылмыскерлер пайда­ланған 100 мыңнан аса SIM-карта мен 88 SIM-box құрылғысы тәркі­ленген. Былтыр елімізден тыс жерлерде 7 call-орталықтың заңсыз қызметі тоқтатылды. Бұдан бөлек, ел аумағында тағы осындай 6 орталықтың қызметі жойылды.

Киберқылмысқа қарсы күрес – Ішкі істер министрлігінің қызметіндегі басым бағыттар­дың бірі. Азаматтарды цифрлық кеңістікте қорғау мақсатында қазір полиция кешенді жұмыс­тар жүргізіп жатыр. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұндай қылмыстардың алдын алу бойынша жүйелі профилактикалық шаралар қолға алынған. Интернет қарыштап дамығалы «дәстүрлі» қылмыс түрлері онлайн-кеңістік­ке ауысып, олардың жаңа формалары пайда болды. Бүгінде ұр­лық­тар интернет желісі арқы­лы жасалып, қылмыскерлер аза­мат­тардың қаражатын жымқыру үшін заманауи технологияларды қолданады.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай қыл­мыс­тармен күрес заңнама­лық, техни­калық және профилак­тикалық шаралар секілді үш негізгі бағытта жүргізілуге тиіс. Кешенді тәсіл ғана киберқылмысқа қарсы тұруға мүмкіндік береді.

ІІМ қызметкерлері азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Кү­мәнді сілтемелерге өтпеу қа­жет, жеке деректерді бөгде адам­­­дарға айтпау керек, сондай-ақ банк карталары мен деректерін үшін­ші тұл­ғаларға бермеген жөн.

Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Егінді «AgroSky» бақылайды

Технология • Бүгін, 09:35

Сингулярлық кезең

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

ЖИ-ді қолдану қауіпсіз бе?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Өндіріс • Бүгін, 09:15