Аймақтар • Бүгін, 12:20

Өскеменде 1 қазанда жылыту маусымы басталады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында 1 қазаннан жылыту маусымы ресми түрде басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде 1 қазанда жылыту маусымы басталады

Жылу қосу кезең-кезеңмен алты күн ішінде жүзеге асырылады. Компания өкілдерінің айтуынша, ең алдымен техникалық дайындық паспорты бар нысандарға жылу беріледі.

«Алдыңғы жылдардағыдай, қосу жұмыстары техникалық дайындыққа байланысты жүргізіледі. Қажетті актілері мен құжаттары жоқ нысандар барлық жұмыстар толық аяқталғаннан кейін ғана қосылады», делінген «Шығыс Жылу» АҚ хабарламасында.

Қазіргі таңда қалада 66 көпқабатты және 86 жеке тұрғын үй, 34 мектеп пен балабақша, 17 медициналық ұйым, 29 әкімшілік ғимарат және 11 әлеуметтік нысан жылытыла бастады.

Компания мәліметінше, қатты отын қоры – 19 486 тонна. Бұл 35 тәулікке жеткілікті нормативтік резервке сәйкес келеді.

Аймақта жылу беру Риддер қаласында да басталған. Сонымен қатар Астанада да жылыту маусымы іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар